Батыс Қазақстан облысы
Бөрлі ауданы әкімдігінің
2013  жылдың  «01» ақпандағы
№ 31 қаулысымен «Б Е К І Т І Л Г Е Н»
 
 
 «Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімі» 
мемлекеттік мекемесінің
Е Р Е Ж Е С І
 
1. Жалпы ережелер
1.«Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-бөлім) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын, мектепке дейінгі, мектептен тыс, жалпы орта, қосымша білім беру жүйесін дамытуды  жүзеге асыратын және педагогикалық мамандармен әдістемелік  жұмысты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2.Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3.Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
 4.Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5.Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6.Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7.Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8.Заңды тұлғаның орналасқан жері: 090300, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Кооперативная көшесі, 4.
9.Мемлекеттік органның толық атауы - «Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімі»  мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение «Отдел образования Бурлинского района Западно-Казахстанской области»
10.Осы Ереже  бөлімнің  құрылтай құжаты болып табылады.
11.Бөлімнің қызметін қаржыландыру  аудандық бюджеттен жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
12.Бөлімнің миссиясы:
Ұлттық – аймақтық, демографиялық және басқа  ерекшеліктерін ескеріп, бірыңғай мемлекеттік саясатты  білім жүйесінің барлық буындарында жүзеге асыру.
          13. Міндеттері:
1)мемлекеттік оқу орындарында аудан азаматтарын конституциялық кепілдеме негізінде тегін орта біліммен қамтамасыз ету;
2)аудан аймақтарын үздіксіз біліммен қамтамасыз ету;
3)қоғам қажеттіліктерінің өзгеруіне және жаңа әлеуметтік–экономикалық  шарттарға сәйкес ауданның білім жүйесін дамыту және әлеуметтік қорғау.
          14. Функциялары:
1)міндетті орта біліммен қамтамасыз ету бойынша ауданның білім мекемелерін басқару;
2)негізгі саты бойынша білім алған мектеп түлектерін, аудан және облыс қажеттіліктерін есепке ала отырып, арнаулы орта буын мамандары мен жұмысшы кадрларды бөлу;
3)білім қызметкерлері мен оқушыларды әлеуметтік қорғау;
4)ауылдық жерлерде мектепке балаларды тегін тасымалдауды, оқушыларға дәрігерлік қызмет көрсетуді және тамақтануды, тұрмысы төмен отбасы балаларына заттық көмек көрсетуді  жалпы білім қоры шоты есебінен ұйымдастыру;
5)ата-ананың қамқорынсыз  қалған жасөспірімдерді қамқорлыққа және қорғаншылықққа алуды ұйымдастыру;
6)меншік нысандарына қарамастан аудандағы білім мекемелерін   мемлекеттік  жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен қамтамасыз ету, мемлекеттік әрі облыстық бағдарламалардан шығатын мақсатты бағдарламаларды  жинақтау және жүзеге асыру;
7)ауданның педагогикалық кадрларымен әдістемелік жұмыс жүйесінің  ғылыммен өзара байланысын  дамыту, жаңа педагогикалық технологияларды меңгерту, білім қызметкерлерінің аттестаттау жүйесін толық жетілдіру;
8)материалдық–техникалық базаны дамыту, білім  мекемелерінің қаржымен қамтамасыз етілуін жақсарту, білім мекемелерін бюджеттен тыс қаржыландыру тәсілдерін дамыту;
9)білімдегі инновациялық процестерді кеңейту, соның ішінде білім мекемелерін басқару, дарынды  балалармен жұмысты ұйымдастыру;
10)білім органдарының  басқа мемлекеттік басқару органдарымен, қоғаммен, бұқаралық ақпарат құралдарымен бірігіп қызмет етудің өрісін кеңейту;
11)жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және даму мүмкіндіктерін дамыта отырып, өнегеліктің берік негізі мен салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру, жеке тұлғаның ақыл - ойын кеңейтуге жағдай жасау;
12)қазақ халқының  және республикадағы басқа да халықтардың тарихын, салт-дәстүрін үйренуге және мемлекеттік, орыс, шетел тілдерін меңгеруге  жағдай жасау;
13)білім беру мәселелері бойынша мемлекеттік органдар, ұйымдар, мекемелер, қоғамдық ұйымдардың істерін үйлестіру, сонымен бірге селолық округтар әкімдерімен білім беру  саласындағы   мәселелерді шешу бойынша   қарым-қатынаста болу.
 15. Құқықтары мен міндеттері:
 1.Бөлім  Қазақстан Республикасының білім саласындағы мемлекеттік  саясатын  жүзеге асыруға жауапты.  
Мақсаттарды іске асыру миссиясы шеңберіндегі бөлімнің міндеттері:
1)аудандағы білім беру мекемелерінде білім саласындағы аудандық, облыстық, республикалық бағдарламаларды жүзеге асыру ісін басқарады, аудан және облыс әкімдері шешімдерінің орындалуын   қамтамасыз етеді;
2)білім жүйесінің дамуын құқықтық негізде қорғау ретінде аймақтық білім жүйесін дамыту бағдарламаларын, аудан әкімі және әкімдігінің нормативтік-құқықтық актілерінің жобаларын өңдеп ұсынады;       
3)облыстық білім басқармасы мен аудан әкімі аппаратына экономикалық және әлеуметтік дамудың индикативтік жоспарына оқушылар санын айқындап,білім   мекемелерінің  материалдық-техникалық базасын нығайту, мамандарды дайындау туралы ұсыныстарды  өңдеп   ұсынады;
4)мемлекеттік емес білім секторларының, мемлекеттік  жалпы білім    мекемелерінің жаңа түрлерін, ақылы қосымша білімді және басқа да қызметтердің дамуына ықпал етеді;
5)оқушылардың бірыңғай ұлттық тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;
6)ауданға бағынышты мемлекеттік  білім   мекемелерін ашу, қайта құру және жою туралы ұсынысты аудан әкімдігіне облыстық   білім басқармасымен   келісе отырып ұсыныс жасайды;
7)азаматтардың өз ана тілдерінде оқитын сыныптар, мектептер және басқа оқу түрлерін ашуды, ұлттық салт-дәстүрлер мен  мәдениетті таныстырып, шетел тілдерін үйретуді ұйымдастырады;
8)ауданға бағынышты білім мекемелеріндегі педагогикалық кадрлар мен басшыларды іріктейді және орналастырады;
9)білім беру  мекемелеріндегі басшылар мен педагогикалық кадрлардың біліктілігін көтеруді ұйымдастырады, олармен әдістемелік жұмыс жүргізеді, қызметкерлерді белгіленген ретте аттестациядан өткізеді; 
10)педагогикалық және басқармалық инновациялық сараптама өткізеді, экспериментальдық алаңдарды ұйымдастырады, ауданға бағынышты білім   мекемелерінде сараптама тізбелерін бекітеді, ғылым мекемелерімен қарым-қатынаста болады;
11)оқу-тәрбие процестерінде санитарлық-гигиеналық шарттарды сақтау,  қызметкерлердің еңбек және техникалық  қауіпсіздігін  қорғау бойынша іс-шараларды жүргізеді, оқушылар мен балалардың өмірін  қорғау, денсаулығын  нығайту үшін   бақылау  жүргізеді;
12)баланың құқығын қорғау және әлеуметтік  қорғау бойынша,  жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды, дамуы шектеулі балаларды, мемлекет көмегіне мұқтаж балаларды тәрбиелеуде, оқытуда   жұмыстар жүргізеді;
13)мемлекеттік органдармен, қоғамдық  ұйымдармен бірлесіп, ұйымдастыратын   білім  беру  шараларының   жоспарын  бекітеді;
14)оқулықтарға, оқу-әдістемелік әдебиеттерге жоспар бойынша тапсырыстар беруді жүзеге асырады; 
15)аудан әкімдігіне аудан бюджеті бойынша білім саласының шығындары мен   қаржыландыру жоспарларының жобасын өңдеп ұсынады, аудандық ведомствоға қарасты мекемелерді қаржыландырады, білімді дамыту мен демеу қорын, жалпы білім қорын қалыптастырады, білім беру  мекемелеріндегі қаржылық-шаруашылық қызметінің жағдайына бақылау жүргізеді;
16)білім беру  мекемелерінің өзіндік қаржылық-шаруашылығын нығайтуға және дамытуға ықпал етеді;
17)аудандық білім беру  жүйесін  ақпараттық-анықтамалармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады, жаңа ақпараттық жүйені өңдейді және құрайды;
18)мамандар айырбастауды, шетелдерде оқыту үшін жастарды іріктеуді ұйымдастырады, шетел делегациялары мен жеке шетел өкілдерін қабылдауды  қамтамасыз етеді;
19)азаматтардың өтініштерін, арыздарын және ұсыныстарын  заңнамаларда белгіленген тәртіпте қарастырады, азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдайды;
20)өзінің жұмыстары туралы қоғамға үнемі ақпарат беріп тұрады, білім   беру  саласындығы мәселелерді бұқаралық ақпарат құралдарына жарыққа шығаруға  ықпал етеді;
21)облыстық білім басқармасы және аудан әкімдігі алдында белгіленген тәртіпте   өз қызметіндегі барлық бағыттары бойынша есеп береді;
22)Қазақстан Республикасының Конституциясы талаптары мен басқа да құқықтық -нормативтік актілердің заңдылық негіздерін басшылыққа алады;
23)Жалпыға бірдей моральдық - этикалық нормаларды сақтау;
24) ауданыдық әдістемелік кабинеттің материалдық – техникалық базасын нығайтады;
25) мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуге бала басын қаржыландыру мен ата-аналар ақысының көлеміне мемлекеттік тапсырысты бекітеді.   
2.Бөлімнің заңда белгіленген тәртіпте өзіндік қызметін жүзеге асыру үшін құқы бар:
1)осы ереженің нормативтерімен  заңнама актілеріне қайшы келмесе, алда тұрған мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған шешімдерді қабылдайды;
2)аудан әкімі және аудан әкімдігінің нормативтік-құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің, облыстық білім басқармасының бұйрықтары мен басқа да нормативтік құжаттарын орындау және орындалуын бақылау негізінде бұйрықтар, нұсқаулар, жарлықтар, ережелер   шығарады;
3)жергілікті мемлекеттік басқару органдарының Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамаларына қайшы келетін нормативтік құжаттарды аудан аймағында жою және  тоқтату   туралы аудан әкіміне ұсыныс енгізеді;
4)білім беру мекемелеріне қарасты ведомстволар басшыларының бұйрықтарын, шешімдерін, өкімдерін жояды немесе орындалуын тоқтатады;
5)бөлім құзыретіне қатысты мәселелер бойынша ауданға бағынышты білім   мекемелерінде тексеру жүргізеді;
6)бөлім өз функцияларын орындау үшін қажетті бөлімдерден, басқармалардан, өндірістік бірлестіктерден, статистикалық және жоспарлы есеп мәліметтерін алады;
7)белгіленген тәртіпте білім беру бөлімінде ғылыми-әдістемелік бірлестіктерді ұйымдастырады;
8)бөлім құзыретіне қатысты мәселелер бойынша конференциялар, семинарлар, көрмелер, кеңестер өткізеді, жалпы білім беру бағдарламаларын өңдеуге қатысады, жақын және алыс шетелдердің білім беру мекемелерімен, органдарымен ынтымақтастық келісім шарттарын жасауға, тікелей байланыс орнатуға құқылы.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
 16.Аудан әкімі  облыстық білім басқармасымен келісе отырып, мемлекеттік қызмет туралы заңнамалар тәртібіне сәйкес қызметке бөлім басшысын  тағайындайды және босатады. 
 17. Басшы бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және  өздерінің функцияларын жүзеге асыруға жауапты.
 18.Осы мақсатта басшы: 
1)бөлімнің құрылымын өңдейді және оны аудан әкімдігіне бекітуге ұсынады, бөлім қызметкерлерінің арасындағы функциональдық міндеттерді бөледі;
2)заңнамаларға сәйкес ведомствоға қарасты мекемелердің басшыларын тағайындайды және қызметтен босатады;
3)барлық мемлекеттік органдар мен  басқа да ұйымдарда  бөлімнің өкілі болады;
4)болашақтағы және ағымдағы жоспарларды бекітеді;
5)заңнамаларда белгіленген тәртіпте бөлім  қызметкерлерін  көтермелеуді жүзеге асырады;
6)заңнамаларда  белгіленген тәртіппен  бөлім қызметкерлеріне, ведомствоға қарасты басшыларға тәртіптік жаза қолданады;
7)қызметтік нұсқауларды бекітеді;
8)бөлімнің жұмыс регламентін бекітеді;
9)өзінің құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, бастапқы, ағымдағы жоспарларды бекітеді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
10)бөлімнің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
11)сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын жүзеге асырады және осы бағыттағы жұмыстарға жеке-дара жауап береді;
12)гендрлік саясат жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады және осы бағыттағы жұмыстарға жеке-дара жауап береді;
13)Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
4. Әдістемелік кабинет
19. Аудандық әдістемелік кабинет аудандық білім беру бөлімінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Ол білім беру саласында мемлекеттің саясатын жүргізу, педагогикалық қызметкерлер мен білім мекемелері басшыларының кәсіби біліктіліктерін көтеру мақсатында әдістемелік көмек көрсету негізінде құрылған.
20. Өз қызметінде әдістемелік кабинет ҚР «Білім туралы» Заңын, ҚР министрліктерінің, білім бөлімінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жергілікті атқару органдарының нормативтік – құқықтық актілерін басшылыққа алады.
21. Әдістемелік кабинет өз қызметін жалпы білім беретін мекемелер, педагог кадрлар мен білім мекемелері басшыларының кәсіби біліктілігін көтеретін өзге білім беру және ғылыми мекемелер, ассоциациялармен бірігіп жүргізеді.
22. Білім беруді басқару органдарының білім беру процесінің ұйымдастырушылық – әдістемелік қамсыздандырылуын, нәтижелілігін талдау мен бағалауды, педагог кадрлардың шығармашылық өсуіне және олардың кәсіптік тұрғыдан өзін-өзі жетілдірілуіне жәрдемдесетін инновациялық педагогикалық тәжірибені жинақтау мен таратуды қамтамасыз етеді.
23. Білім беру мекемелері мен мектепке дейінгі мекемелерде оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының жағдайын сараптау.
24. Әдістемелік кабинетті қайта құру әлде қызметін тоқтату ҚР заңнамаларына сәйкес жүргізіледі.
25. Әдістемелік кабинетті құрылтайшы тағайындаған тәжірибелі педагог қызметкерлер арасынан жоғары білімі бар және 5 жылдан кем емес педагогикалық еңбек өтілі бар меңгерушісі басқарады. 
26. Меңгеруші әдістемелік кабинеттің қызметін басқарады және оның жұмысы үшін жауапты, кадрларды жинақтап, орналастырады, қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін анықтап, бекітеді, қызметкерлердің кәсіби өсуіне, олардың 5 жылда бір рет кәсіби біліктілігін көтеруге жағдай жасайды.
27. Әдістемелік кабинеттің құрылымы және штаты қызметтік мақсаттары мен міндеттеріне, негізгі бағыттарына, педагог қызметкерлердің, аудандағы білім мекемелерінің санына байланысты, аймақтық және жергілікті жағдайларды ескере отырып қалыптастырылады.
28. Әдістемелік кабинет қызметкерлерінің міндеттері білім беру мекемелері қызметкерлерінің лауазымдарының тарифтік-біліктілік мінездемелері (талаптары), лауазымдық нұсқаулық және оқу-әдістемелік кабинеттің ережесіне сәйкес анықталады.
5. Мемлекеттік органның мүлкi
29.Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Бөлімнің мүлкі, оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
30.Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
31.Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзгедей тәсілмен билік етуге құқы жоқ.
6.Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату
32.Бөлімді қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net