Әдістемелік қызмет – ғылымның жетістігі мен тәжірибеге негізделген, оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін, мұғалімнің кәсіби біліктілігін, шығармашылық шеберлігін арттыруға бағытталған кешенді іс-шаралар жүйесі
Бөрлі ауданының әдістемелік кабинеті «Жаңартылған білім мазмұнына көшде педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру» атты проблемалық тақырыпта жұмыс жасайды.
|
Әдістемелік кабинет меңгерушісі: Жолбатырова Ляззат Токтамысовна
Мамандығы тарих және география пәнінің мұғалімі
Санаты- бірінші
Еңбек өтілі – 9 жыл
|
Бүгінгі күні әдістемелік кабинетте 11 әдіскер қызмет атқарады. Олардың бесеуі жоғары, төртеуі бірінші, ушеуі екінші біліктілік санатты мамандар. Әдіскерлердің біліктілік санаты бойынша сапалық құрамы 81,8% құрайды.
Бөрлі аудандық әдістемелік кабинеті тьюторлық негізде Ақсай қаласындағы балабақшаларға, мектептерге ауылдық білім мекемелерін педагогикалық қамқорлыққа алуға бекітіп, педогогтардың кәсіби құзырлылығын арттыруға бағытталған қызмет моделінде жұмыс істейді. Әдістемелік кабинет облыстық және аудандық маңызы бар әдістемелік іс – шараларды жоғары деңгейде өткізуде.
Ауданымыздағы білім беру мекемелерінде 1594 педагог жұмыс жасайды. Оның 1082 педагогы 559 село, 523 қала мектептерінде, мектепке дейінгі ұйымдарда және шағын орталықта - 329 , қосымша білім ұйымдарда -183 жұмыс жасайды.. Жоғары білімді педагогтар саны 1166 77,1 %-ды құрайды. Жалпы орта білім беретін мектептерде 905 мұғалім , 83,6% .
2016 жылы аттестаттаудан өткен мұғалімдердің саны 295 педагог. Оның 50 педагогы жоғары біліктілік санатты растауға немесе иеленуге арыз беріп, 20-і жоғары біліктілік санатын иеленді, 30- ы өзінде бар санатын растады. Бірінші біліктілік санатқа барлығы 113 педагог арыз берсе, оның 76 иеленіп, 37 өзінде бар біліктілік санатын растады. 1 педагогқа аттестаттау комиссиясының шешімімен тиісті біліктілік санаты біліктілік деңгейінің талаптарына сәйкес емес деген шешім шығарылды. Екінші біліктілік санатқа 132 педагог арыз берсе, оның 112 иеленіп, 20 растады.
2016 жылында Ақсай қаласының №5 жалпы білім беретін орта мектебі жанындағы «Жас мамандар мектебі» әдістемелік кабинет кеңесінің шешімімен Ақсай қаласының №4 ЖББОМ ауыстырылып, жоспарлы түрде жұмыс жасайды.
Әдістемелік кабинет жанынан әр пән, бағыт бойынша 16 шығармашылық топтар, тірек мектептері жұмыс жасап, ауданның білім мекемелеріне, мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету, озық іс-тәжірибе тарату мақсатында мектептегі әдістемелік жұмыстың мазмұнын жаңартуға, жаңа әдіс-тәсілдерді іздестіруге, жетілдіруге, педагогтардың кәсіби біліктілігін шыңдауға әсерін тигізеді. Ол жұмыс түрлі байқаулар, семинарлар, конференциялар, әдістемелік десант сияқты іс-шаралар арқылы жүргізілуде.