Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
2 наурыз 4 ЖОББМ базасында Елбасының "Рухани жаңғыру - болашаққа бағдар" бағдарламасы «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы «Отаным тағдырым» базалық бағыт, «Дарынды ұрпақ ел болашағы» жобасы аясында оқушылар мен жас мамандар арасында " Асық ату, бес асық" ұлттық ойынынан алғаш рет аудандық ашық турнирі өткізілді,Турнир мақсаты:
2018 жылдың 28 ақпан күні Бөрлі ауданы білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес Ақсай қаласының №6 ЖОББМ-де мектеп үйлестірушілеріне арналған аудандық дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел тақырыбы: «Критериалды бағалау жүйесін оқыту үдерісіне енгізудің тиімді жолдары».

Ақсай қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебінің базасында «Бәсекеге қабілетті ел болудың бірінші сатысы – үш тұғырлы тіл» тақырыбында ағылшын тілі курсынан өткен физика, информатика пәнінің мұғалімдеріне арналған практикалық семинар ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Өз ана тілін біліп, өзге тілдерді құрметтеуге, қадірлеуге үйрету.

2018 жылдың 26 ақпан күні Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Бөрлі ауылының «Ақ сұңқар» бөбекжайында  "Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде ойын технологиясын қолдану маңыздылығы"атты аудандық семинар өтті. Шараға аудандық білім беру бөлімінің   мектепке дейінгі ұйым бойынша әдіскері А.И.Урынбаева, мектепке дейінгі ұйымдардың және мектеп балабақша кешендерінің  тәрбиешілері және әдіскерлері  қатысты.

13 ақпан Ақсай қаласының №4 ЖОББМ базасында Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау, оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту мақсатында оқыту тіліне қарамастан жалпы білім беретін мектептердің 7–11-сынып оқушылары арасында «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға ауданның 18 мектебінен 87 оқушы қатысты.

2018 жылдың 22 ақпан күні Бөрлі ауданы білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес Ақсай қаласының №3 ЖОББМ-де бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинар оздырылды. Семинар тақырыбы: «Пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту әдістемесінің тиімділігі». 
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net