×

Біздің сайтқа қош келдіңіз!

«Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімі» ММ

     090300 Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Железнодорожная көшесі, 80, «Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласындағы 240-орындық бөбекжайды сенімгерлік басқаруға беру» туралы мемлекеттік-жеке меншік әріптестікжобасын дайындаудың басталуы туралы жариялайды. Жобаның тұжырымдамасын талқылау үшін әлеуетті жеке тұлғаларды шақырады.

МЖӘ нысаны: бөбекжай ғимараты төмендегі мекенжайда орналасқан : БҚО, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Ықсанов көшесі, 4А, жалпы алаңы: 5788,8 м2. 2018 жылы пайдалануға берілді. Типтік ғимарат, кірпіштен құрылған, екі этажды, жобалық қуаттылығы:240 орын.

Бөбекжайда дене шыңықтыру-музыкалық зал,  медициналық кабинет, түзету,  үйірме жұмысы кабинеттері, психолог кабинеты, ас блогы, кір жуатын бөлме бар.

    Жобаның шарттары: Қажетті ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, нысанның тағайындалған профилін өзгеріссіз пайдалану, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша МЖМББС, санитарлық және өртке қарсы ереже талаптарының орындалуын қамтамасыз ету.

Жобаның жүзеге асыру мерзімі – 3 (үш) жылдан кем емес.

     Шығындардың өтеу көздері: мемлекеттік – жеке меншік әріптестік жобасы бойынша операциялық шығындарды өтеу ҚР «Мемлекеттік – жеке меншік әріптестік туралы» Заңының 9 бап, 2 тармақ, 4 – тармақшасына сәйкес жүргізіледі.

Нысан инженерлік және көлік байланысмен қамтамасыз етілген:

  • Ыссы және салқын сумен жабдықталған;
  • Кәріз жүйесі,
  • Автономдық жылыту,
  • Сыртқы бейнебақылау орнатылған.

       Жеке тұлғаны анықтау ҚР «Мемлекеттік – жеке меншік әріптестік туралы» Заңының 43 бабы негізінде (алдын-ала) оңайлатылған тәртібі бойынша конкурс өткізу тәсілімен жүзеге асырылады.

Жоба туралы толығырақ ақпаратты  «Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімі» ММ алуға болады.  Жоба бойынша ұсыныстар 2020 жылғы 1 қыркүйекке дейін қабылданады.

Байланыс: Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімі, телефон 8 (71133) 21461, сенім телефоны 22332
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Как правильно варикоз лечить