• Волонтер
  • Абай
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
88281211-837524726761275-8518586767077539840-n
Аудандық білім беру бөлімінің жоспарына сай 6 наурыз күні Ақсай қаласының №4 ЖОББМ базасында ХVII аудандық «Intel-junior-2020» көпбағытты зияткерлік олимпиадасы өткізілді.
Олимпиада жыл сайын энциклопедиялық зияткерлік дарынды
бастауыш сынып оқушылары арасында ғылым негіздерінен өткізіледі және келесі мақсаттарды көздейді:
бастауыш мектеп жасындағы дарынды балаларды ерте анықтау және психология-педагогикалық жетектеу;
оқушылардың оқу-танымдық жұмысын ынталандыру;
энциклопедиялық білімді насихаттау және бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың ғылыми жұмысқа қызығушылығын дамыту;
оқушылардың арасында зияткерлік ойындарды, сайыстарды, жарыстарды, олимпиадаларды кеңінен тарату.
Олимпиаданың келесі турлардан тұрады:
Бірінші тур. Нақты ғылымдар
Екінші тур. Гуманитарлық ғылымдар.
Үшінші тур. Жаратылыстану ғылымдар.
Төртінші тур. Эрудиттер турнирі.
Олимпиадаға ауданымыздағы жалпы білім беретін мектептерінің 4 сынып оқушылары арасынан қазақ тілді сыныптан бір оқушы, орыс тілді сыныптан бір оқушы қатысып, интеллектуалды ойын-сайыста өз білімдерін көрсетті. Жалпы 36 оқушы: қазақ тілді 19, орыс тілді 17 оқушы қатысып, өз білімдерін сынады. Олимпиадаға қатысушы оқушылардың барлығы қатысушы сертификатына ие болып, көптен оза шауып, интеллектуалды білімін көрсете білген жеңімпаздар жүлделі орындармен марапатталды.
Бас жүлдеге Ақсай қаласының №4 ЖОББМ-нің 4 сынып оқушысы Балтиев Жан (мұғалімі Б.Н.Балтиева ) ие болды.
I дәрежелі дипломды Ақсай қаласының №6 МЛ-нің 4 сынып оқушысы: Куянов Ансар (Л.И.Гавришова), Ақсай қаласының №6 МЛ-нің 4 сынып оқушысы Узакбаева Адель (мұғалімі Ф.А.Какимгалиева) алды.
II дәрежелі дипломмен Пугачев МБК-нің 4 сынып оқушысы Ворона Артем (мұғалімі Н.В.Казицкая), Ақсай қаласының №3 ЖОББМ-нің 4 сынып оқушысы Игнатьева Вероника (мұғалімі Е.Н.Тезина), Бөрлі №1 ЖОББМ-нің 4 сынып оқушысы Салық Медет (мұғалімі Г.Г.Кабиева), Ақсай қаласының №3 ЖОББМ-нің 4 сынып оқушысы Қойшыбай Назым (мұғалімі Ж.З.Байзенова) марапатталды.
III дәрежелі дипломмен Ақсай қаласының №1 МБК-нің 4 сынып оқушысы Нурыш Жасмин (мұғалімі Г.Х.Джексенова), Бөрлі ЖОББМ-нің 4 сынып оқушысы Беляева Милана (мұғалімі И.А.Федорова), Приурал МБК-нің 4 сынып оқушысы Фоменко Василий (мұғалімі А.Г.Вахитова), Ақсай қаласының №4 ЖОББМ-нің 4 сынып Ахметова Нұрәділ (мұғалімі Н.Ж.Ирмикбаева), Успен МБК-нің 4 сынып оқушысы Оразкелдиев Заманбек (мұғалімі А.Ж.Шакенова), Пугачев МБК-нің 4 сынып оқушысы Бекмуханов Илияс (мұғалімі С.С.Мусакова) марапатталды.
Облыстық кезеңге жүлделі орын алған жеңімпаздар: Ақсу МБК-нің 4 сынып оқушысы Наурызбаева Асель, Ақсай қаласының №6 ЖОББМ-нің 4 сынып оқушысы Серік Асина, Пугачев МБК-нің 4 сынып оқушысы Мурзабаев Манас, Ақсай қаласының №1 МБК-нің 4 сынып оқушысы Самигулла Анель жолданды.

 

87532762-837524803427934-8093962299917729792-n 88197220-837524830094598-7590876283567865856-n  88291769-837524786761269-287208474582974464-n 89084034-837524733427941-6174127895884070912-n 89157766-837524950094586-6694471954117689344-n 89204040-837524790094602-3261255391832440832-n

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net