×

Біздің сайтқа қош келдіңіз!

89163445-836550100192071-7964951936296288256-n
Ағымдағы жылдың 5 наурыз күні Ақсай қаласының №1 мектеп – балабақша кешені базасында Ж.Досмухамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж және Ақсай қаласының №1 МБК арасындағы меморандумды іске асыру мақсатында «Mug`alim ko`shbasshylyg`ynyn` ma`ni men damyty` joldary» әдістемелік семинар оздырылды.
Мақсаты: «Көшбасшылық» сөзінің мағынасы мен рөлін түсіне отырып, мұғалім – көшбасшы, көшбасшы – оқушы қарым – қатынас тәжірибесін арттыру.
Семинарды алғы сөзбен Ж.Досмухамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі директорының оқу – өнідірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Мұқашев М.С ашты. Ж.Досмухамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің «Білім» бейіні бойынша оқу – әдістемелік бірлестік төрағасының орынбасары Нұрышева Г.С «Заманауи мұғалім бейнесі» оқушылармен, Ж.Досмухамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің жоғары санатты математика оқытушысы Сапахов Г.М «Оқу мақсаты мен нәтижесі», «Ынтымақтастық пен оқытудың әдіс – тәсілдері» мұғалімдермен тренингтер ұйымдастырды. Педагогикалық сынып оқушылары «Әдептен озбайық», «Дос болайық бәріміз» атты тақырыптарында бастауыш сынып оқушыларына тәрбие сағатын өткізді. Семинар барысында Ж.Досмухамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің психологы Курмангалиева Н.Х «Жағымсыз эмоциялардан қалай арылуға болады» «Тәуекел тобындағы оқушылармен жұмыс әдістемесі» мен «Сыныптағы тиімді ұжымдастыру жолдары» тренинг көрсетті. Ақсай қаласының №1 мектеп – балабақша кешенінің психологі Максутова А.Е мен Шыңғырлау ОЖББМ – нің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Батыркайрова А.С «Мұғалім – көшбасшы» бейнесін ашты. Семинар соңында педсынып оқушылары «Білімдіден шыққан сөз..» А.Құнанбаевтың 175 жылдығына орай әдеби – композициялық кеш ұйымдастырды. Ақсай қаласының №1 мектеп – балабақша кешенінің ДОІЖ орынбасары Кажгалиева Г.Н кері байланыспен семинарды аяқтады. 

87373484-836550126858735-2390916926843912192-n 87465571-836550270192054-6229070539168677888-n 88093516-836550023525412-1645839679804669952-n 88228492-836549913525423-6852720926081941504-n 88273544-836550213525393-1904214243633266688-n 88280856-836549970192084-8551354296644403200-n 88335975-836550060192075-566155051291115520-n 89113902-836550183525396-4187108117303001088-n  89257559-836549960192085-4960997667116154880-n 89356874-836549906858757-6002907602994855936-n

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Как правильно варикоз лечить