×

Біздің сайтқа қош келдіңіз!

70818661-704780733369009-1535411286030942208-n
2019 жылдың 26 қыркүйек күні Ақсай қаласының № 3 ЖББОМ базасында білім мекемелерінің оқушылары мен тәрбиеленушілері арасында өткізіген «Мақсатым- тіл ұстартып, өнер шашпақ» байқауы болып өтті.
 
Байқауға ауданның 21 мектеп және бөбекжай мекемесінен 45 оқушы қатысып, өнерлерін көрсетті. Ақсай қаласының бөбекжайлары мен № 1 МБК, № 3 ЖОББМ, № 4 ЖОББМ, №6 ЖОББМ, Ақсу МБК, Ақбұлақ МБК белсенді қатысты, мұғалімдері оқушыларды жоғары деңгейде дайындаған.
Байқаудың мақсаты:
- Тұңғыш Елбасының Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасын қолдау және мектепке дейінгі білім мекемелерінің тәрбиеленушілері мен мектеп оқушылары, жас мамандар арасында кең насихаттау;
- Ұлт ақыны Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойын атап өту: ақын мұрасын өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау;
- Талабы мен таланты, бағы мен бабы қатар жүретін дарынды балалардың мәдени кеңістігін қалыптастыру, адамгершілікке, азаматтық патриоттыққа баулу және отансүйгіштікке тәрбиелеу;
- Өнерлерін шыңдау арқылы үлкен сахналарға шығуына жол ашу.
- Мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгерген өзге ұлт өкілдерін анықтау және ынталандыру, тіл мәдениетінің деңгейін және мемлекеттік тілді қолдану беделін арттыру.

  

71027759-704780793369003-5163774197125611520-n 71342796-704781113368971-3529816866467872768-n 72139902-704780943368988-2759584288033734656-n

 
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net