• аныктама
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
69949617-684737512039998-7550994024711061504-n
1 қыркүйек Білім күні Бөрлі ауданында Ақсай қаласының №6 мектеп – лицейі ашылды. Лицейдің алғашқы қоңырау салтанатына БҚО білім басқармасы басшысы Тржанова Айымгүл Мақсотқызы қатысып, мектеп-лицейінің ашылуымен құттықтап, оқушыларға дарынды деген атқан лайықты, биіктен көрінетін білім иегерлері атануына және жаңа оқу жылында шығармашылық табыс, бақыт тіледі.
Аудан әкімінің ұсынысымен 2019 жылдың 7 шілде күнгі қаулысымен мектеп –лицей болып құрылуға қаулы қабылданған. Ауданымыздың дарынды, үздік оқушыларының облысымыздың дарынды балаларға арналған лицей, гимназияларына ауысуы жаңа мектеп – лицей ашу қажеттілігі туындады. Мектеп директоры Кунсулу Макуновнаның айтуынша, жаратылыстану-математика бағытында тереңдетіп білім беретін жаңа мектеп-лицей алғашқы оқу жылын 1760 оқушымен бастап отыр. Лицей сыныптарына арнайы сынақпен ауданның және көршілес ауданнан 5-10-шы сыныптарға 380 оқушы қабылданды. Мектеп – лицейдің мақсаты «дарынды оқушының моделіне» сай келетін оқушы қалыптастыру, инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігімен шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау. Алға қойған мақсаттарды жүзеге асыруда шебер - педагог, зерттеуші -педагог және сарапшы - педагог санаттарындағы ауданның білікті ұстаздары дәріс бермек.
Мектебіміздің жоғарғы санатты, білікті маман ұстаздардың еңбегінің арқасында, оқушылардың Халықаралық, республикалық, облыстық олимпиадалардың жеңімпаздардың
Бөрлі аудан әкімінің орынбасары Кушкинбаев Алпамыс Жаңабайұлы айтуынша, мектеп-лицей үшін оқушылардың өмір талап етіп отырған өлшемдер тұрғысынан интеллектуалдық, шығармашылық мүмкіндіктерін ашуға, сапалы білім алуға, бәсекеге қабілетті болуға, саналы ұрпақ тәрбиелеуге, жаңа заманмен тең жүріп, жаңа технологияларды меңгеруге барлық жағдайлар жасалған. Қоғамда ұстаздардың мәртебесі артып, мектебіміз үздік жетістіктерге жетеді деген сенімдеміз.

69305532-684737738706642-8207534317694353408-n 69516532-684737872039962-4880947010091352064-n 69540033-684737732039976-4818382053986795520-n 69779283-684737608706655-5030247009672495104-n

 
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net