• 1сыныпкз
  • 1сыныпру
  • Колледж
  • Колледж 2
  • Мектепке жол
  • Дорого в школу
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

Мектепке құжаттарды тапсыруға арналған бейне нұсқаулық

Нұсқаулық Мектепке қабылдауға өтінішті беру

Инструкция Подача заявления на зачисление в школу

 

Баланы балабақшаға кезекке кою арналған бейне нұсқаулық

 

 

×

Біздің сайтқа қош келдіңіз!

60883027-619515065228910-7498103323526955008-n
Әкелердің отбасындағы беделін отбасы құндылықтары арқылы арттыру, отбасындағы әкелер ролін ерекше насихаттау, ер мінезді ұлдар тәрбиелеуде Әке рөлінің ерекше екендігін түсіндіру мақсатында ауданымызда «Үлгілі отбасы - мемлекет тірегі» тақырыбымен ІV аудандық әкелер форумы өтті. 
Форум барысында Бөрлі ауданы білім беру бөлімінің басшысы Орынбасар Төлегенұлы Тулемисов қатысушыларға Алғашқы құттықтау сөз сөйледі.
Форумның құрметті қонақтары, тұрақты қатысушылары - Бөрлі ауданы әкімінің орынбасарыКушкинбаев Алпамыс Жанабайұлы және отбасымен келіп қатысқанБөрлі ауданы маслихатының хатшысы- Куликешев Әділхан Әпиұлы, өз ойларын ортаға салды. 
Форумға арнайы шақырылған қонақтар - БҚО бойынша «Өрлеу» педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының орынбасарыСафуллин Елдос Набиуллаұлы, Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасының «Адамгершілік рухани даму және тәрбие жұмыстары бөлімінің» басшысыБатыргалиева Луара Кайрекенқызы өздерінің құнды ойларымен бөлісті. 
Кезекті форумға Білім беру ұйымдарының әкелер клубының 
мүшелері,білім беру ұйымдарының басшылары мен орынбасарлары қатысты. 
Үлкеннің сөзі өнеге демекші, форумға отбасыменкелген Ақсай қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебінің әкелер клубының мүшесі Ақбергенов Әбдібек Дарханұлы «Үлкеннің ізімен – өнегелі сөзімен» тақырыбында сөз қозғап, керемет өнеге болар ойларын ортаға салды. 
Бақытты бала тек бақытты ата-анада ғана болады демекші Бөрлі ауданы маслихатыныңхатшысы
Куликешев Әділхан Әпиұлының қыздары «Әке жолы - ізгі жол» тақырыбымен Умбеткалиева Асель Әділханқызы, Куликешева Салтанат Әділханқызы да форум соңында сөз алды. 
Форум соңында Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Алпамыс Жанабайұлы Кушкинбаев Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасының «Адамгершілік рухани даму және тәрбие жұмыстары бөлімінің» басшысы Батыргалиева Луара Кайрекенқызы мен БҚО бойынша «Өрлеу» педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының орынбасары Сафуллин Елдос Набиуллаұлына алғыс хат табыс етті. 
Бүгінгі форумның өтуіне қолдау көрсетіп, осындай форумды ұйымдастыруға зор үлес қосқаны үшін «Нұрай» мейрамханасының директоры Нурлан Шамшадинович Тунгаторовке Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің басшысы Орынбасар Төлегенұлы Тулемисов алғыс хат табыстады. 
Форумға қатысушы әкелер бүгінгі форум жұмысын одан әрі жалғастыру, әкелер клубының жұмысын жандандыру мақсатында 2019-2020 оқу жылына ұсыныстар бойынша топтық жұмысқа белсенді қатысып, жаңа идеяларын ортаға салды.

 

60626583-619613411885742-2374532292329603072-n 60680523-619611601885923-5260043612732784640-n 60713217-619614351885648-3393463886886731776-n 60741202-619614268552323-3700086279367557120-n 60741966-619613565219060-9128560500651589632-n60742337-619611728552577-2127884526817378304-n 60742567-619613745219042-6966254907628191744-n 60747619-619612171885866-5824244956415393792-n 60750659-619613808552369-8103382967084122112-n 60774267-619613885219028-1986231810996043776-n60800862-619611958552554-5437870591820431360-n 60828116-619611531885930-4837527420464529408-n 60844610-619611655219251-8136800750404632576-n 60860246-619614508552299-3185267151099396096-n 60879511-619614445218972-3581926545029070848-n  60923337-619612961885787-1009646669832126464-n 60959426-619611855219231-679998880368033792-n 60964744-619613678552382-2812958847348506624-n 60979933-619611435219273-1894373301032058880-n 61030661-619611245219292-7586245299505463296-n 61039151-619612075219209-956924739387916288-n 61094340-619614168552333-4702116417405714432-n 61114958-619611788552571-1553721234124963840-n 60883027-619515065228910-7498103323526955008-n 61174819-619611488552601-7814591895836819456-n 61181852-619612485219168-1677285987236970496-n 61195522-619612611885822-2462291479347855360-n 61398168-619614008552349-8834244297575366656-n

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net